Дайындық жоспарларын қалай оқу керек?

Олимпиадаларға қалай дайындалу қажет мақаласында мен біздің Қордың сайтында жарияланған дайындық жоспарларын оқуға кеңес берген едім. Ал бұл мақалада оқушыларға сол жоспарларда жазылғанға қалай қарау керек екендігі туралы кейбір тәжірибелік ұсыныстар бергім келіп тұр.

Бірден атап өтсем, мен соңғы инстанцияның шындығына жауап бермеймін және балаларды олимпиадаларға қалай дайындау керектігінің ең жақсы жолын білемін деп мәлімдемеймін. Бұл мақала бүкіл сайттағы ең субъективті болатындығын да бірден мойындаймын. Бірақ мен альтернативті жолдарды тек халықаралық олимпиадаларда жеңген оқушылар ғана және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын тәрбиелеген жаттықтырушылар ғана ұсына алады деп есептеймін. Егер сіздің өміріңізде сондай адамдарға шығатын мүмкіндік болса — мархабат, соларды тыңдаңыздар. Егер сіз өзіңіз сондай адам болып табылып, біздің жоспарлармен келіспесеңіз — мархабат, бізге жазыңыз, біз екінші көзқарасты ұсынуға қуаныштымыз.

Бірақ егер сіз республикалық және халықаралық олимпиадалардан алтын алмаған оқушы болсаңыз, және сіздің тәжірибелі жаттықтырушыңыз болмаса, бірнеше маңызды сәттерді игеруіңіз қажет.

Сізге ұсынылған жоспарлардан ауытқуға болмайды

Мен жоспарға қарап, "а, органиканы оқу керек пе? Жарайды, Робертс Касерионы ашамын" (қазір және кейін де химия бойынша мысалдар боолады, себебі мен өзім химикпін) дейтін балаларды көп кездестіремін. Алайда жоспарда John McMurry-ден бастауға кеңес берілген. Мәселе барлық оқулықтардың жақсы бола бермеуінде. Барлық көркем әдеби кітаптар оқуға тұрарлық бола бермейтіндігі секілді. Оған қоса, көптеген кітаптарды оқыған зиян. Мен Робертс & Касерио жаман кітап демеймін. Бірақ екі кітаптың арасынан таңдауды тек келесідей адам ғана жасай алады:

  • органиканы жақсы білетін
  • екі кітапты да оқыған

Егер сіз жаңа бастаушы болсаңыз, сіз пункттардың біріне де сәйкес келмейтін шығарсыз. Сондықтан да сізге жоспарда жазылғанды ұстануды керек.

Егер сіз дайындық жоспарындағы кітапты бастасаңыз және онда жазылғанды түсінбесеңіз, бұл кітапты өзгертуге себеп емес. Егер сізге қиын болып жатса, бұл сіз оқып жатырсыз дегенді білдіреді. Ең дұрысы — басқалардан көмек сұраңыз.

Сізге өзіндік тәртіпке үйрену қажет

Олимпиадаларға дайындалудың екі тәсілі бар:

  1. барынша қызық және жағымды
  2. қатаң тәртіпті

Нұсқа 1. Ғанибетті барынша ұшқарыландырамыз

Бұл тәсілде сіз өзіңізге бәрінен де қатты ұнайтынды зерделейсіз. Мүмкін физикалық химияға көбірек уақыт жұмсайсыз. Мүмкін органикаға. Физикалық химияның ішінде термодинамикалық үдерістер туралы тарау сізге ұнамауы мүмкін және сіз оны қалдырып кетуді шешесіз. Немесе сізді коллигативті қасиеттер бойынша тапсырмаларды шешу жалықтырып тастауы мүмкін және сіз келесі тарауға көшесіз.

Нұсқа 2. Тәртіп

В таком подходе вы изучаете учебник от корки до корки. Читаете и решаете абсолютно все. В процессе не отвлекаетесь ни на что. Сели за учебник по физхимии — дочитайте его до конца. Бұл тәсілде сіз оқулықты басынан аяғына дейін зерделейсіз. Толығымен барлығын оқып, шығарасыз. Үдеріс барсында ешнәрсеге алаңдамайсыз. Физхимия бойынша оқулықты оқып бастасаңыз, оны соңына дейін оқисыз.

Нұсқаларды салыстырамыз

Қай нұсқа жақсырақ? Қай нұсқа дұрысырақ? Нақты жауап беруге болмайды. Екі нұсқаның да болуға құқығы бар: олар жай ғана әртүрлі. Бірақ бірінші нұсқамен халықаралық олимпиадалардан алтын медальдерге жету қиынырақ болуы мүмкін екендігін ескеріңіз. Сіз жолыңыз болып, халықаралық олимпиадаға өтуіңіз мүмкін. Мүмкін тіпті орын да аласыз. Бірақ алтын медаль алуыңыз екіталай. Бұл міндетті түрде жаман емес, әрбір адам өзін екінші нұсқаның қатал талаптарына қоюға міндетті емес. Бірақ, тәртіп барлық салада да көмектесетіндігін мойындауға тура келеді. Тек олимпиадаларда ғана емес.

Антон Моргунов
Автор
Аяулым Төребекқызы
Аудармашы

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? Біздің поштамыз: [email protected]

2021-2022 © ОФ «Beyond Curriculum» CC BY-NC-SA 4.0