Бұл мақалада олимпиадалық қозғалыстың дамуы үшін мектеп әкімшілігіне жасауға болатын ұсынылған қадамдарды жазатын боламын.
Қолайлы орын
Егер оқушылар өз беттерімен қандай да бір пәнді тереңдетіп оқығанын немесе олимпиадаға дайындалғанын қаласаңыздар, оларға соған арналған қолайлы орын беру керек. Барлық олимпиадашылар үшін ешқандай сабақ болмайтын және олимпиадашалыр кез келген уақытта келе алатын бөлек кабинет болса, мінсіз болады. Кез келген деп таңғы 7 мен кешкі 6-ны айтып тұрмын.
Кабинеттің негізгі жабдықтары:
- парталар
- орындықтар
- бірнеше бума А4
- маркерлі тақта
Алайда, олимпиадалық дайындық кезеңі туралы мақалада айтқанымдай, болашақ оқушыға олимпиадамен айналысу қаншалықты пайдалы болғанымен де, 7-10 сыныптағы балалар бірнеше жыл мерзімі тұрмақ, бір жыл алға ойлай алмайды. Сондықтан олимпиадалармен айналысатындарға қандай да бір мезеттік мадақ-марапаттар жасап тұрған пайдалы. Міне бірнеше идея:
- олимпиадашылар кабинетіне кофеқайнатқыш қою
- олимпиадашыларға компот орнына шырын беру
- түскі асты кезексіз алуға мүмкіндік беру (егер сіздерде асханада кезек болса)
- олимпиадашыларға мектеп меңгерушілерімен және (немесе) директормен бірге ас ұйымдастыру (міндетті түрде қандай да мәселелерді талқылау үшін емес, мұнда назардың өзі маңызды)
- айрықша түсті галстук беру
- әдемі бейдж / белгіше беру
Мектептің қаржылық мүмкіндіктеріне қарай олимпиададағы жетістіктер үшін материалды (поощрениелар) жасауға болады.
Сонымен қатар, олимпиадашылар мектепте өздерінің жеке ноутбуктары немесе планшеттері болса, оны қатты бағалар еді, себебі дайындық кітапханаларда жоқ кітаптар бойынша жүреді және әйтпесе телефон экранынан оқуға тура келеді.
Демалыс мезгілі
Олимпиадаларға үнемі дайындалған дұрыс: аптап ыстықта да, суықта да, оқу уақытында да, демалыста да. Сондықтан мектеп әкімшілігінде үш опция бар:
- жай арнайы орын бөліп, келіп өздігінен оқитын оқушыларды қадағалайтын жауапты мұғалімді тағайындау
- (мүмкіндікке қарай) олимпиадалық резерв жаттықтырушысынан демалыс уақытындағы сабақтар бағдарламасын дайындауды сұрау
- (мүмкіндікке қарай) демалыс уақытына оқушыларды олимпиадаларға дайындау үшін жаттықтырушыларды жалдау. Бұл рөлге мектепте олимпиадаларда жеңіске жеткен студенттер де жарайды. Бюджетте көп емес, пайдасы да болады.
Облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың қатысушыларына артықшылықтар
Егер сізде облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларға өткен оқушылар болса:
- Мен сізді құттықтаймын!
- Сізге оқушылардың облыстық үшін екі аптаға және республикалық пен халықаралық үшін үш-төрт аптаға сабақтарына кейбір "кейінге шегерулер" жасау туралы ойлану қажет.
Мысалы:
- сабақтардың 50-70%-ына қатыспауға рұқсат беру (оқу үлгерімі мен келе жатқан емтихандарға байланысты)
- БЖБ мен ТЖБ-ларды тапсыруды олимпиада жазғанға дейін шегеру (мұндай жағдайда олимпиададан келгеннен кейін оқушыда, айтарлық, барлық мұғалімдерге кіріп, өткізіп алған материалдарды жинап, зерделеуге бір апта және БЖБ мен ТЖБ тапсыруға бір апта бар)