Олимпиада төрешесі кім болуы керек?

Аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалардағы төрешілер ғылыми атаққа ие профессорлар болулары қажет деген біршама терең пікір бар. Өкінішке орай, мұндай жағдай ең тиімді емес болып қана қоймай, кейде тіпті олимпиадалық қозғалысқа зиян болуы мүмкін. Бұл мақалада мен қазылар алқасын ғылыми атақ пен жетістіктері арқылы неліктен іріктемеген жөн екендігін дәйектеуге тырысатын боламын.

Мұндай пікір қайдан пайда болған?

Алдымен «қазылар алқасында ғалымдар болу қажет» деген идея қайдан пайда болғандығын және оның нығаюна не әсер еткендігін түсінуге тырысып көреміз. Мен келесідей ой шарықтауын болжай аламын:

  • Пәндік олимпиадалар — пән бойынша тереңдетілген білімді тексеру. Пән бойынша тереңдетілген білімге кімдер ие? Оны жоғарғы оқу орындарында оқығандар мен, әсіресе, оны оқытатындар.

  • Бүкілресейлік пен Менделеев олимпиадаларына қараңыздар. Төрешілер қатарында кімдер? ММУ, МФТИ, НМОИ профессорлары.

  • Халықаралық олимпиадаларына қараңыздар. Төрешілер қатарында кім? Ұйымдастырушы елдердің профессорлары

Неге әрбір профессор олимпиада қазылығында бола алмайды?

Теперь попробуем проверить предыдущую аргументацию на прочность. С одной стороны да, действительно, олимпиады — это проверка углубленных знаний по предмету. Но только такими знаниями обладают не только профессора и ученые, но и бывшие олимпийцы.

Енді алдынғы аргументті беріктікке сынап көрейік. Бір жағынан, иә, расымен де, олимпиадалар — пән бойынша тереңдетілген білімді тексеру. Бірақ мұндай білімге тек профессорлар мен ғалымдар ғана емес, бұрынғы олимпиадашылар да ие.

Расымен де, Бүкілресейлік және Халықаралық олимпиадалардың қазылар алқасының қатарында профессорлар. Алайда, екі маңызды өзгешелікті ескерген жөн:

  1. Бұл олимпиадаларда қазылар алқасына кіретін адамдар тапсырмаларды жасайды. Аудандық және облыстық олимпиадалардың төрешілері тапсырмаларды жасамайды, оларды республикалық олимпиадалардың төрешілері дайындайды.

  2. Бүкілресейлік және Менделеев олимпиадаларын ұйымдастыруға қатысатын профессорлар Халықаралық олимпиадаларға барады және олардың қыр-сырларын біледі, ал кейбір пәндер бойынша Халықаралық олимпиадаларды (ISO) тіпті өткізген. Және жалпы, егер ел ISO-ны өткізгісі келсе, ол өзінің ұйымдастыру комитетін бақылаушылар ретінде алдынғы олимпиадаларға жіберуі қажет.

Қазақстандық жоғарғы оқу орындарының профессорларының көпшілігі халықаралық олимпиадада бір де бір рет болмаған. Және бұл мәселе, себебі олимпиадалардың өздерінің қыр-сыры бар.

Олимпиадалардың ерекшелігі неде?

Тексеру жағынан алып қарағанда, кейбір ғалымдар және (немесе) профессорлар үшін еңсерілмейтін болуы мүмкін бірнеше ерекшелік бар.

  1. Жақсы олимпиадалық тапсырмалардың бірнеше шығару жолы бар және олардың әрбірі максимум баллға лайық. Кейбір ғалымдар мен профессорлар, керісінше, бір шығару жолы ғана бар тапсырмаларды тексеріп үйреніп қалған.

  2. Олимпиадаларда егер шешім дұрыс ой тізбегі арқылы, бірақ дұрыс емес болса бірен-саран балл беру қабылданған. Бұл идея ғалымдар мен профессорлар үшін табиғи заңдылықтан тыс болуы мүмкін және олар дұрыс емес шешім үшін қандай да балл беруден бас тартулары мүмкін.

  3. Кейбір пәндер бойынша олимпиадаларда (мысалы химияда) қос жазаның болмауы атты принцип бар. Мысалы, бір тапсырманың ішінде екі №1 және №2 пункттері бар, және №2-нің шешуі №1-дің жауабын қолданады. Егер оқушы №1 пунктінде қателессе, қате мәнді қолданып, №2 пунктін қате шығарып, ол қос жазаға ұрынады. Сондықтан, ой тізбегі мен №2 пунктіндегі есептеулер дұрыс және жалғыз қате №1 пунктіндегі дұрыс емес мәнді қолдануында ғана, оқушыға толық баллды берулері мүмкін. Бұл идея табиғи заңдылықтан едәуір тыс және олимпиадалық қыр-сырдан алыс адам одан оңай бас тартуы мүмкін. Бірақ кейбір ISO-да (мысалы, IChO-да) жұмыстарды солай тексереді, ал бұл дегеніміз тура осындай принципті республикалық олимпиадада қолдануда мән бар дегенді білдіреді.

  4. Олимпиадалар — үнемі уақытқа жүгіріс, тіпті ұйымдастырушылвр мен төрешілер үшін де. Жұмыстарды тексеру қысқа уақытта жүргізіледі, ал бұл аппеляцияның керектігін ақтайтын факторлардың бірі болып табылады. Алайда кейбір ғалымдар мен профессорлар аппеляцияны өткізу фактісін қорлық ретінде санап, кәсіби біліктіліктеріне күмән келтірушілік сияқты көрулері мүмкін. Және іс жүзінде аудандық және облыстық олимпиадаларлың төрешілері аппеляцияны мүлде өткізбеген оқиғалар жиі орын алған. Ақыр аяғында, олар мәртебелі ғалымдар ғой, олармен салғыласқан жөн бе? Бірақ, мен аппеляция туралы мақаламда айтқанымдай, бұл төрешінің біліктілігіне байланысты емес, қарапайым адами фактор мен өте көп жұмыс санын тексеруден шаршауға байланысты.

Антон Моргунов
Автор
Аяулым Төребекқызы
Аудармашы

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? Біздің поштамыз: [email protected]

2021-2022 © ОФ «Beyond Curriculum» CC BY-NC-SA 4.0