Әлемдегі ең беделді олимпиадалар International Science Olympiads немесе ISO бейресми бірлестігіне қатысты болып табылады. Ол олимпиадаларға келесілер кіреді:
- Халықаралық математикалық олимпиада (International Math Olympiad, IMO)
- Халықаралық физикалық олимпиада (International Physics Olympiad, IPhO)
- Халықаралық химиялық олимпиада (International Chemistry Olympiad, IChO)
- Халықаралық биологиялық олимпиада (International Biology Olympiad, IBO)
- Халықаралық географиялық олимпиада (International Geography Olympiad, IGeO)
- Халықаралық информатика олимпиадасы (International Olympiad in Informatics, IOI)
Жоғарыдағы алты олимпиада — негізгі қаңқа. Тағы лингвистика олимпиадасы (IOL), юниорларға арналған жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) мен Жер ғылымдары олимпиадасы (IESO) да бар.
ISO қалай өтеді?
Ең ғажабы, бұл олимпиадалар толығымен дербес: бірыңғай басқарушы орган немесе ата-аналар ұйымы жоқ. Әр олимпиада жылына бір рет, әдетте әртүрлі елдерде өтеді. Ұйымдастыруға белгілі бір ел жауапты, бірақ ол қатысушы елдердің көпшілігі қабылдаған қандай да бір ережелердің шеңберінде әрекет етеді. Олимпиадаларға әр елден бірден артық емес команда саны қатыса алады; командада 4-тен 6 адамға дейін болады.
Бұл олимпиадалар әлемдегі ең мәртебелі олимпиадалар. Олардың нәтижелері әлемнің ең үздік жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндікті айтарлықтай арттырады, ал кейбірлері тіпті қосымша емтихандарсыз түсуге мүмкіндік береді.
ISO-ға қалай ілінуге болады?
Қазақстанда бұл олимпиадаларға қатысу үшін ел құрамасына іріктеуге Дарын РҒПО жауапты. Іріткеу бірнеше кезеңнен тұрады:
- Мектепшілік олимпиада: елдің барлық орта мектептерінде өткізіледі, қатысуға тілек білдіргендердің барлығы қатыса алады. Тапсырмаларды мектеп мұғалімдері құрастырады.
- Аудандық олимпиада: мектепшілік олимпиада жеңімпаздары үшін өткізіледі. Тапсырмаларды Дарын РҒПО жұмылдырған республикалық жаттықтырушылар құрастырады.
- Қалалық/облыстық олимпиада: аудандық кезеңнің жеңімпаздары үшін өткізіледі. Нәтижесі бойынша әр облыстан келесі кезеңге баратын 2-3 адамнан таңдалады. Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының оқушылары жарысқа Алматы, Ақмола және Түркістан облыстарынан бөлек түседі. Мамандандырылған мектептердің (РФММ, НЗМ) оқушылары да басқалардан бөлек жарысады. Тапсырмаларды дәл солай Дарын РҒПО республикалық жаттықтырушылары құрастырады.
- Республикалық олимпиад: мұнда облыстардан 14 команда, республикалық маңызы бар қалалардан 3 уоманда және мамандандырылған мектептердің командалары (РФММ, НЗМ) келеді. Тапсырмаларды республикалық жаттықтырушылар құрастырады.
Республикалық олимпиададан кейін ISO халықаралық олимпиадасына қатысатын 4-6 оқушыны іріктеу кезеңі өтетін Оқу-Жаттықтыру Жиындарының (ОЖЖ) тізбегі өтеді.
ISO-дан басқа олимпиадалар
Әрине, әлемде ISO мен республикалық олимпиадалардан бөлек тағы да жүздеген олимпиадалар өткізіледі. Олардың кейбіреулері де республикалық деп аталады: ақырында, “республикалық” сын есімі жалқы есім болып табылмайды, олимпиаданың тек масштабын ғана беліглейді. Дәл солай, мен де өзімнің Қазақстаннан бір және Ресейден бір оқушы қатысатын олимпиадамды жасап, жалпақ тілмен айтқанда, “халықаралық” сөзін өзімнің олимпиадамның атына қолдана аламын. Алайда мұндай олимпиаданың деңгейі де, беделі де Дарын РҒПО-ның республикалық олимпиадалары мен ISO-ның жанында түк те болмайтындығы айдан анық.
Дәл сондықтан, шын мәнінде мәртебелі распубликалық және халықаралық олимпиадалар өте аз екендігін түсіне білу маңызды: бұл атап айтқанда тек Дарын РҒПО олимпиадалары мен ISO ғана. Барлық басқа олимпиадаларды нағыз олимпиадалрдың алдындағы дайындық ретінде қарастырған пайдалы.
Бірақ бір ерекше жағдай бар: жоғарғы оқу орындары өткізетін олимпиадалар. Мысалы, СПбМУ, ММУ, ҚазҰУ, ЕҰУ және басқалардың олимпиадалары бар. Бұл жоғарғы оқу орындарына түскіңіз келсе, олардың олимпиадаларында күшіңізді міндетті түрде сынап көрген жөн.