Әр мектеп өзінің олимпиадашыларының болуын қалайтын шығар. Алайда олимпиадалық қозғалыстың дамуына не қажет екенін білетіндер аз. Көбі басты тапсырма республикалық жеңімпаздарды дайындау тәжірибесі бар жаттықтырушыны табу деген қате тұжырым жасайды. Түсініп үлгергендеріңіздей -- бұл олай емес. Біздің мемлекетте оқушының кез келген жетістігі ұстазының жұмысының жемісі деген сенім түпкі тереңде жатыр. Әрине бұл біржағынан дұрыс. Бірақ олимпиадалық қозғалыста оқушылар көбінесе өз жетістіктеріне өз еңбектерінің арқасында қол жеткізеді. Өкінішке орай біз бұл туралы білмейміз және біле алмаймыз, себебі әрбір үлкен жеңістен соң оқушылар сұхбат береді, ал баспасөз қызметі мен журналисттер өз білгендерін жазып, «ұстаздарыма алғыз айтамын, оларсыз бұл медалды жеңе алмас едім» деген қарама қайшы сөздерді қосады. Маған сенулеріңізге болады, мұндай жағдайлардың біршамасын білемін. Шандығында кез келген олимпиадалық дайындық екі басты қадамнан тұрады: 1.Олимпиадалық қозғалысқа ену 2.Жеке даму
Қадам №1. Олимпиадалық қозғалысқа ену
Көптеген мұғалімдер балалар өз беттерімен оқығылары келмейтіндігімен келісе алады деп ойлаймын. Жалпы оқу -- қиын. Білім алу бұл әрдайым қандай-да қиындықтар мен кенет қалауларды жеңіп шығу. Тіпті олимпиадаларға ұзақ дайындықтың пайдасы қарапайым факт болса да 8-10 (тіпті 11) сынып оқушылары болашаққа ойланып рационалды шешімдер қабыла алмайды. Бұл жаман нәрсе емес, бұл шындық. Сондықтан мұғалім (және мектептің) басты мақсаты - оқушыны олимпиадалық қозғалысқа енуге қызықтыру. Қысқа мерзімдік артықшылықтар жасауға болады (олар ұзақ мерзімділердің жанында жоққа тең болуы мүмкін). Мысалы, асханада компот орнына шырын немесе бөлек түсті галстук беру. Бұл ұсақ-түйек болғанымен балаларға қызықты. Балаларға жалпы назар аудару мағызды. Шындығында бұл қадамды жүзеге асыру кез келген, тіпті республикалық жүлдегерлерді дайындауда тәжірибесі жоқ мұғалімнің қолынан келеді. Себебі алдымен мектеп бағдарламасы түріндегі негізді орнатып алу керек, кейін оқушының қиынырақ оқулықтарды өз бетімен оқуын қадағалау (және ынталандыру) керек.
Қадам №2. Жеке даму
Өкінішке орай біздің мемлекетте балаларды олимпиадаларға дайындай алатын ұстаздар аз. Ауылдық мектептерді айтпақ түгіл әр НЗМ-де ондайлар жоқ. Тіпті НЗМ көпшілігінде ондай мұғалімдер расында жоқ дер едім. Әрине ол пәнге байланысты: олимпиадалық математика жаттықтырушыларының саны олимпиадалық химияның жаттықтырушыларының санынан әлдеқайда көп, бірақ осыдан мәселенің мәні өзгермейді. Және бұл ұстаздарға мін тағу емес. Олимпиадалар мектеп бағдарламасынан аса айрықшалынады және оларды шешу (оған қоса оларға дайындау) үшін бұл салада әрдайым болу керек. Яғни олимпиадалық жаттықтырушылар бүкіл жұмыс уақытын тек олимпиадаларға арнауы керек. Мұндай модель барлығына шақ келмейтіні белгілі. Бірақ бұл елдегі мектептердің біршамасы үшін енді басқа амал табылмайды деген сөз емес. Біздің Қорымыздағы тәжірибелі олимпиадашылар көбінесе өздерінің қалай дайындалғандарын бейнелейтін егжей-тегжейлі дайындық жоспарларын жазып шықты және толықтай тегін жарыққа шығарды. Бұл жоспарларда білу керек тақырыптардың кең спектрі сипатталған және оқу керек кітаптардың тізімі ұсынылған. Берілген жоспарлардың ғажабы толықтығында: республикалық түгіл халықаралық деңгейге шығу үшін осы жоспарлардағы мағлұмат жеткілікті. Бұл жоспарлар жеке дайындыққа арналған. Бірақ балалардың көбі өз беттерімен айналыса бастап кетуге дайын емес. Дегенмен де мен әр ұстаз сол жоспарға қарап, оны кішігірім және орындалатын қадамдарға бөліп, оқушыларына ынталандыра отырып бір-бірден бере алады деп ойлаймын. Шындығында бұл жұмыс кез келген олимпиадашының өмірінде олимпиадалық тақырыптарды оқытудан кем орын алмайды.
Өзара көмек
Ерте не кеш оқушы ұстазы қандай да бір тақырыпта түсінбейтін немесе бір тапсырманы шеше алмайтын деңгейге жетеді. Бірақ қайталап айтамын, бұл мұғалімнің қабілетсіздігінің белгісі емес: бұл жағдайда жай ғана басқа тәжірибесі молырақ олимпиадашы керек. Сіздерде ондай адамды табу мүмкіндігі бар: олар Спроси форумында отырады және мектеп мұғалімдері түсіндіре алмаған сұрақтарға жауап береді.