Сабақтарға еркін қатысу құқығы керек пе?

Олимпиадалар бойынша ең нәтижелі мектептер жүйесі БИЛ (бұрынғы КТЛ) екендігімен келіспеу қиын. Көпшілік білетіндей, БИЛ-де олимпиадаларға ерекше көңіл бөлінеді: дайындық 7 сыныпта басталады және олимпиадашыларға бірінші жетістіктерінен кейін сабақтарға "еркін қатысу" құқығы беріледі. Басқа сөзбен айтқанда, оқушыларға өздерінің бейінді пәндерінен басқа пәндерге қатыспауға рұқсат беріледі. Осылайша, БИЛ оқушылырында олимпиадаға дайындалуға өте көп бос уақыты пайда болады.

Осыған байланысты, көпшілікте олимпиадалық қозғалысты дамыту үшін олимпиадашыларға "еркін қатысуға" рұқсат беру қажет деген пікір пайда болды. Шын мәнінде солай ма?

Еркін қатысудың пайдасынан зияны көп

Және шын мәнісінде ол дайындық барысында да, мектепті бітіргеннен кейін де зиянын келтіреді

Көп олимпиадалар пәнаралық

Математикадан өзге барлық пәндер қалай болғанда да өзара байланысты. Биологтарға кейде химияны өте жақсы білу қажет (мысалы молекулалық биологию үшін), ал химиктерге физиканы да (физикалық химия үшін), биологияны да (биохимия үшін) білу қажет. Менделеев олимпиадаларында қатысушылардан мектеп бағдарламасына кіретін, бірақ химияда сирек кездесетін Архимед заңын білу күтілген сияқты оқиғалар болған. Мектептегі физика сабақтарына қатыспаған барлық дерлік олимпиадашылар ол тапсырманы шығара да алмай қалды.

Химия мен физикада жақсы математикалық аппарат өте маңызды. Физиктерде ол физика бойынша білімнен кем еместей маңызды десек те болады. Мұндай мысалдарды көп келтіруге болады.

Нәтижесінде, бейінді емес пәндердің сабақтарын жәбермейтін олимпиадашылардың еркін қатысу рұқсаты барларға қарағанда білімдерін әлдеқайда күшті жағынан көрсетуге потенциалдары бар.

Жоғарғы оқу орындарында бейінді емес пән бойынша міндетті талаптар әрқашан да бар.

Оқушы химик немесе физик болуға түсіп жатса да, оның кем дегенде бір семестр математикасы немесе тіпті биологиясы да болуы мүмкін. Егер де оқушы мектептен негізгі білімді алмаса, оған жоғарғы оқу орындарының болмыстарына бейімделу қиын болады. Шын мәнінде, Қазақстанның олимпиадашыларында ММУ-ға түсіп, кейін біржақты маманданудың кесірінен шығып кеткен (немесе үлгерімдерінің тым түсіп кетуі) сияқты қайғылы тәжірибелер болған.

Шетелдің тәжірибесіне жүгінейік

Ең дұрыс формула: олимпиадаларға бүкіл мектеп бағдарламасы бойынша еш кемшілік болмағанда ғана дайындалуға болады. Мысалы, Оңтүстік Кореяда оқушылар олимпиадалық резервке іліну үшін үздік болулары қажет. Олимпиадалардағы нәтижелер[1][2] сәйкесінше жоғары.

Антон Моргунов
Автор
Аяулым Төребекқызы
Аудармашы

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? Біздің поштамыз: [email protected]

2021-2022 © ОФ «Beyond Curriculum» CC BY-NC-SA 4.0