Республикалық олимпиаданың мақсаты қандай болу қажет?

Егер республикалық олимпиаданың мақсаты заң жүзінде әлдеқайда тіркеліп қойса, бұл мақаланың мәні неде деп таңқалатын біреу болуы мүмкін. Бәрі қарапайым: қазір тіркелгенді (дарынды балаларды қолдау) әрқалай түсінуге болады және бұл мақалада мен статус кводан кем емес өмір сүруге құқыққа лайық танылмаған көзқарасты көтергім келіп тұр.

Халықаралық олимпиадалар туралы

Адамдардың көп бөлігіне олимпиадалық қозғалыстың негізгі міндеті елдің құрамасының халықаралық олимпиадалардағы нәтижесі саналады. Басқашалап айтқанда, олимпиадалық қозғалыс ҚР құрамасы ISO-дан алтын алып келсе, дамыған болады.

Мұндай ойдың шарықтауы ертелі кеш оқушылар республикалық олимпиадасын тек халықаралық олимпиадаға алдын ала іріктеу ретінде қабылдауға алып келеді. Барынша халықаралық деңгейге дайындалған оқушыларды сұрыптап алуға мүмкіндік беретін олимпиада жасау керек дегендей.

Ертелі кеш бұл республикалық олимпиаданың халықаралық олимпиаданың тақырыптарынан және күрделілік деңгейінен қатты тәуелді болуына алып келеді.

Және мұны мен түп тамырымен дұрыс емес деп есептеймін.

Республикалық олимпиадалардың мақсаты

Менің ойымша, республикалық олимпиаданың мақсаты мектеп бағдарламасының шеңберінен шығып, өз пәндерін тереңдетіп оқитын мектеп оқушыларын мадақтау мен ынталандыру. Бұдан бөлек, республикалық олимпиадалар бірдеңеге үйретіп, қатысушылар арасында танымды кеңейте алады (мүмкін тіпті тиіс).

Басқашалап айтқанда, халықаралық олимпиадалар 4-6 оқушының қандай да бір пән бойынша білім деңгейлері жоғары және тапсырмаларды орындау дағдылары күшті болғандығын талап етеді. Ал республикалық олиипиадаға бір пән бойынша 120 оқушы қатысады. Бүкіл республикалық олимпиаданы сол 4-6 оқушыны іріктеуге келтіруге болмайды. Оның орнына бүкіл 120 оқушының еңбегін объективті бағалайтын және оларды одан сайын қатысуға ынталандыратын, және одан оқушылар олимпиадаға келгендегіге қарағанда көбірек біліп қайтатындай олимпиада жасау қажет.

Ондай олимпиаданы қалай жасайды?

Оқушыны бәрінен де келесідегідей жақсы есептер ынталандырады:

  • орындауға қызық болатындай жеткілікті қиын (оқушыларға оқып жатып жауабын біліп отыратын есептерді шығарған қызық емес)
  • оқушылар тапсырманы орындау қолдарынан келетіндігін түсінетіндей жеткілікті оңай

Іс жүзінде, қарапайым респа қатысушысының білім деңгейін ескере, бұл республикалық олимпиадалардың тапсырмаларын біршама жеңілдету дегенді білдіреді. Немесе ең аз дегенде жеңілірек тапсырмаларды қосу.

Антон Моргунов
Автор
Аяулым Төребекқызы
Аудармашы

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? Біздің поштамыз: [email protected]

2021-2022 © ОФ «Beyond Curriculum» CC BY-NC-SA 4.0