Дәстүрлі түрде олимпиадалық резерв оқушылардың қабілетін қалай да тестілеудің негізінде құрылады. Қабілет деп аталатындарға кіреді:
- пәнді білу
- логикалық ойлау қабілеті
- кеңістікте ойлау қабулеті
Бір жағынан, дәл мұндай тестілеу ең дайын және ең сәйкесінше болашағы бар оқушыларды анықтай алады. Алайда, іс жүзінде ең аз дегенде білуге тиіс кішігірім кілтипан бар.
Мәселе олимпиадашылардың айтарлықтай саны жолдарының басында еш ерекшеленбегендігінде. Кейбіреулері тіпті мүлде ештеңке шықпайтын оқушылардың мысалдары болған. Бірақ әйтсе де, дайындық барысында олар ашылып, едәуір сәтті олимпиадашылар атанды.
Ондай балаларды қалай анықтайды? Мен білмеймін.
Бірақ сіздің радарыңызға сондай балалардың түсу ықтималдығын барынша арттыратын жолды білемін: іріктеуді бір рет өткізіп, кейін жылдар бойы сол бір балалармен айналысқаннын орнына, келесі схеманы пайдаланып көруге болады:
- Ең қабілетті балаларға бастапқы іріктеу жасаңыз.
- Жұмыс жоспарын құрыңыз (әдебиет пен тапсырмалар тізімі)
- Жұмыс планын көпшілікке жетімді жерге жариялаңыз (ескіше кабинет есігіне іліп қоюға болады) және резервке түсе алмаған тілек білдірушілердің барлығына өз беттерімен дайындалуды ұсыныңыз
- Бір, екі, үш айда бір өтілген тақырыптап бойынша кішігірім олимпиадалар жасап, оған олимпиадалық резрвке де, басқа барлық тілек білдірушілерге де қатысуды ұсыныңыз.
- Мүмкін олимпиадалық резервке түспей, өз бетімен дайындалып, ашыла бастағандардан біреу атып шығады. Сіз оны олимпиадалық резервке кіруге шақыра аласыз.