Үйлестіру (апелляция) ұйымдастырушысына арналған чек лист

Бұл жерде кейбіреулерге айқын болып көрінетін тезистер болады, бірақ олардың реттелуі және құрылымдалуы пайдалы болады деп ойлаймын.

Олимпиада басталуына дейін

-Қазылар алқасының кестесінде оқушылардың жұмыстарын апелляцияға дейін тексеру үшін жеткілікті уақыт бар екеніне көз жеткізіңіз. Оқушылар барлық турлар бойынша өз баллдарын кем дегенде келесі күннің кешінде білуі керек. Идеалды жағдайда бір күн ішінде, ең болмағанда апелляцияға дейін бір сағат қалғанда. Кішігірім ориентир: 120 жұмысты тексеру үшін 12 сағат керек. -Сізде (ұйымдастырушы ретінде) тапсырмалардың ресми жиынтықтары және марк-схемалары тур басталмай тұрғанда бар екеніне көз жеткізіңіз.

Олимпиада өткізу барысында

Екі не көп турдан тұратын олимпиадаларда жиі сұрақ туындайды: бірінші турдың нәтижелерін оқушылар соңғы турды жазып бітіргенше дейін жариялау керек пе. Мен олай жасауға мүлдем болмайды деп ойлаймын. -Оқушылар бірінші турды қалай жазғандарына байланысты келесі турларға қатысты көзқарастарын өзгертпеуі керек. Бұл жерде таза теориялық тұрғыдан бірінші турды қалай жазғаныма байланысты екінші турды басқалай жазуым керектігіне себеп жоқ. -Бірінші турдың нәтижелерімен танысу -- көптеген қатысушыларға әсер ете алатын психологиялық стресс. Бұл оларға кедергі жасайды. Оқушылар басқаша айтуы мүмкін, бірақ бұл олай емес. -Мұндай жағдай халықаралық олимпиадаларда да болады. ISO кезінде оқушылар барлық турларды жазып біткенше дейін өз нәтижелерін де, бірінші турдың марк-схемаларын да біле алмайды. Қорытындылаймын: жауаптар мен нәтижелерді тек оқушылар барлық турларды жазып болған соң жариялауға болады.

Үйлестіруге бір күн қалғанда

-Оқушылар ресми жауаптар мен өз нәтижелерін біле алатынына көз жеткізіңіз. Барлық файлдар бір сайтта жарияланса жақсы болады. Сайтты жасау және қолдауға уақыт жұмсағыңыз келмесе бізге айтсаңыз болады. Егер республикалық олимпиадалардың аудандық және облыстық деңгейлерін ұйымдастырсаңыздар тегін көмек көрсетеміз. -Апелляцияда уақыт сақтап қалу үшін қазылар алқасынан хаттамаға жиынтық баллдар емес, тапсырмалар бойынша баллдарды қоюды сұраңыз (талап етіңіз).

Үйлестіру күнінде -Қазылар алқасының мүшелерінің санына сәйкес үстелдер (парталар) қойылған бөлек аудитория арнаңыз. Ережелерге сәйкес қазылар алқасының әр мүшесі өз тапсырмасын тексереді. Қазылар алқасының аты-жөні мен тексерген тапсырмаларының нөмерлері жазылған тақташалар дайындаңыз. -Апелляцияға бір қатысушыдан кіргізіңіз. Ең дұрысы алдымен барлық қалаған 9 сыныптағыларды, кейін 10 сыныптағыларды және соңында 11 сыныптағыларды өткізу. Қатысушы жазу құралдарынсыз(қалам, қарындаш, фломастер, маркерлерсіз) кіретініне көз жеткізіңіз. Қаламдар тек қазылар алқасында болуы керек. Қатысушыларда қалам немесе қарындаш табылса апелляция аудиториясынан шығарылатынын ескертуіңізге болады. -Қазылар алқасынан ескертулерді жұмыстарды тексерген қалам түсінен өзгеше түспен жасауын сұраңыз. -Егер оқушы қазылар алқасымен келіспесе және ортақ консенсус табылмаса тқраға шақыртылады. Төраға сұрақтың соңғы шешімін оқушының немесе қазылар алқасының пайдасына шығаруға құқылы. -Соңында қатысушыдан апелляцияға келушілерді тіркеу табеліне қол қоюды және “бағалаумен келісемін және шағымдарым жоқ” деген бағанға құсбелгі қоюды сұраңыз.

Антон Моргунов
Автор
Амина Бактиярова
Аудармашы

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? Біздің поштамыз: [email protected]

2021-2022 © ОФ «Beyond Curriculum» CC BY-NC-SA 4.0