Осыған байланысты түрлі сенімдер кездеседі. Кейбіреулер олимпиадалар тек “табиғи данышпандарға” арналған деп есептейді. Басқалар дайындықпен айналысу балаларға зиянды деп ойлайды.
Мен олимпиадаларға дайындалу барлық оқушыларға біршама пайдалы және әр адам өзін осы салада сынап көруі керек деп сенемін. Себебі олимпиадалардан пайда өте көп және оны ауқымды олимпиадалардағы (республикалық пен халықаралық деп оқы) жеңіске ұмтылмасаң да алуға болады.
Олимпиадаларда жарысқың келмесе қалай дайындалуға болады?
Олимпиадашылар оқитын дайындық жоспарларын қолдана отырып жай ғана кітаптарды баяуырақ оқуға болады. Жарыстарға дайындалатындар күніне 2 сағаттан айналысса сіз тек 30-60 минуттан жұмсай аласыз. Жарыстарға дайындалатындар ғылымның барлық тақырыптарын оқыса сіз тек өзіңізге қызықтыларына назар аудара аласыз. Мүмкін тіпті 6 ай бойы бір пәнді оқып кейін келесісіне ауысарсыз.
Бастысы бос, мектептен тыс уақытыңызда академикалық дамумен айналысыңыз және түрлі тапсырмаларға шешімдер тауып үйреніңіз.