Олимпиадаларда ең нәтижелі мектептер жүйесі БИЛ (бұрыңғы ҚТЛ) болып табылатынымен келіспеу қиын. БИЛ олимпиадаларға ерекше назар аударатыны көбіне белгілі: дайындық 7 сыныптан басталады және алғашқы жетістіктерден соң олимпиадашыларға сабақтарға “еркін қатысу” құқығы беріледі. Басқаша айтқанда оқушыларға өз профиль пәндерінен басқа сабақтарға қатыспауға болады. Осылайша БИЛ оқушыларында олимпиадаларға дайындалу үшін адам сенгісіз бос уақыт көбейеді.
Осыған байланысты көбі олимпиадаларға дайындықты 7 сыныпта бастау керек деп ойлайды. Кейбіреулер 9-10 сыныпта бастау тым кеш деп ойлайтыны тіпті жаман. Бірақ бұл олай емес.
Теорияда дайындықты ерте бастаған адамды қуып жетуге бола ма?
Жалпы, теориялық тұрғыдан, БИЛ-дегі барлық олимпиадашылар 7 сыныптан айналыса бастаса және олимпиадаларға тоқтаусыз дайындалса, 1.Қазақстан халықаралық олимпиадаларда тұрақты түрде алтын медальдар алушы еді. 2.9-10 сыныпта бастаған кез келген адам БИЛ олимпиадашыларын қуып жете алмаушы еді.
Халықаралық олимпиадалардан алтын медальдарды сирек алып келетінімізді еске ала отырсақ бір мін бар екені белгілі болады. Бұл оқушыны ерте жастан олимпиадалармен айналысуға күштесе ол жай ғана шаршап кетуі немесе ынтасын жоғалтуы мүмкіндігі жоғары екендігімен байланысты.
Жалпы ішкі ынтаң жоқ болса және “осымен не үшін айналысамын” деген сұраққа жауап бере алмасаң бір нәрсемен ұзақ жылдар бойы айналысу қиын болады.
Практикалық тұрғыдан, 10 сыныпта дайындала бастауға бола ма?
Шындығында жауап мектеп бітіруіңізге қанша жыл қалғанына байланысты. Сондықтан 11 жыл оқисыз деп есептейік. Кейін барлығы алдыңызға қандай мақсат қоятыныңызға байланысты. Егер халықаралық олимпиадаға өтуді мақсат етсеңіз сізге кем дегенде бір толық жыл керек болады. 9 сыныптығ соңында бастасаңыз және қатты тырыссаңыз 10 сыныптың жазында халықаралық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік ала аласыз. 10 сыныптың басында бастасаңыз (яғни 9 сыныптың жазын жіберіп алсаңыз) мүмкіндігіңіз 11 сыныптың жазында ғана туатын шығар.
Бірақ бұл халықаралық олимпиадаға(халық арасында-межнар) жету үшін уақыттық шекаралардың төменгі кіреберістері екенін түсіну маңызды. Және халықаралыққа бір жыл ішінде жету үшін өте көп және аса тәртіппен дайындалу керек болады. Ешқандай қызықты нәрсені оқып қызықсыз тақырыпты тастап кетемін деген сөз бола алмайды. Кітапты алғаннан соң бастан аяғына дейін оқисыз. Және ондағы барлық тапсырмаларды орындайсыз.
Бірақ сізге халықаралық олимпиадаға өту керек те емес болуы мүмкін. Бұл барлығына шақ мақсат емес. Мүмкін олимпиадаларға біліміңізді кеңейтуге және тәртіп мен төзімділігіңізді дамытуға көмектесетін мүмкіндік ретінде қарайтын шығарсыз. Онда жауап нақты “иә”: сіз дайындықты 10 сыныпта бастай аласыз. Егер университеттерге мектептен соң (11 сынып ортасында емес) құжат тапсырсаңыз 11 сыныпта бастап кетсеңіз де болады.