Мектепішілік олимпиадалар - бұл оқушыларға жоғары қиындық деңгейіне ие түрлі тапсырмалар берілетін жарыстар. Кей пәндерде (химия, физика мен география сияқты) есептер мен сынақтар жүргізу керек тәжірибелік турлар өткізіледі.
Атап айтарлықтай олимпиадаларды мектептер де, университеттер де, білім беру орталықтары да, ғаламтор-порталдар да, халықаралық ұйымдар да, тіпті жеке азаматтар да ұйымдастыра алады. Осы саналуандықтың арқасында адамдарда сенімсіздік пен шатасу пайда болуы мүмкін: ал қандай олимпиадалар жақсы? Қайсыларына қатысу керек? Оған қоса кейбір жауапкершілігі ең аз ұйымдастырушылар өз олимпиадаларымен бүкіл олимпиадалық қозғалыстың бейнесіне кір келтіруі мүмкін. Толығырақ олимпиадалардың түрері туралы осында жаздым.