Олимпиадамен айналысу қымбат па?

Қазіргі әлеуметтік қалыптасу жағдайында туындауы мүмкін өте орынды сұрақ.Шынтуайтына келгенде, олимпиада — бұл маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін аса қаражат салуды қажет етпейтін бірден-бір сала.

Дайындық бағасы

Олимпиадаға дәптер мен қаламға ғана ақша жұмсап та дайындалуға болады.Шынымен де. Барлық қажетті кітаптарды осы дайындық жоспарысілтемесінен табуға болады.

Әрине, олимпиадаға дайындайтын қандай да бір оқу центріне жазылуға болады. Бірақ, ең мықты олимпиадашылардың басым көпшілігі ондай центрлерге бармаған десек артық айтқандық емес.

Қатысу бағасы

Аудандық олимпадалар әдетте сіздің қалаңызда не аудан орталығында өтеді. Демек, қатысу бағасы — автобус жолақысы.

Облыстық олимпиадаларда бәрін облыс орталығында не республикалық маңызы бар қалаларда жинайды. Менің білуімше, шығындарды жіберуші жақ өтеуі керек,ал бұл рөлде — сіздің мектебіңіз. Бұл жерде, бір өкініштісі, мектебіңіз сіздің шығындарыңызды төлеуден бас тартуы ғажап емес.

Бірақ, бұдан әрі қарай бәрі жақсы болатыны сөзсіз. Республикалық олимпиадада облыстық Дарын немесе республикалық білім беру ұйымы жіберуші тарап болып есептеледі және тиісінше олар барлық шығындарды өтейді.

Халықаралық олимпиадаларда Дарын РҒПО жіберуші тарап болып табылады және ол барлық шығындарды өтейді.

Таиландқа, Ресейге, Бразилияға (кез-келген жерге) ISO-ға баратын оқушылар виза үшін де, ұшу үшін де, тұру үшін де, тамақтану үшін де төлемейді.Барлығы республикалық бюджет есебінен төленеді.

Бонус: республикалық кезеңге жетіп, медаль алған мектеп оқушылары кейде өз қалаларының немесе облыстарының әкімдерінен ақшалай сыйлықтар алады. Бұл жағдайда сіздің облыстық олимпиадалардағы шығындарыңыз "өтеледі".

Антон Моргунов
Автор
Әнел Есбергенова
Аудармашы

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? Біздің поштамыз: [email protected]

2021-2022 © ОФ «Beyond Curriculum» CC BY-NC-SA 4.0