Ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі - олимпиадаларға қай пән бойынша дайындалу керек? Көптеген оқушылар мен ата-аналар бұл сұраққа аса жауапкершілікпен, тіпті бұл таңдау бүкіл өмірлеріне әсер ететіндей қарайды. Оларды түсінуге де болады: егер келешекте олимпиадашыларды қабылдайтын жоғары оқу орындарына (мысалы Ресей мен Азия ЖОО-дары) құжат тапсырамын десеңіздер олимпиадада таңдаған пәніңізге сәйкес факультетке түсесіздер.
Алайда сізге қай пән бойынша дайындалу керектігін көрсететін ешқандай формула немесе тест жоқ. Немесе қай пән “сіздікі” екенін. Бар қолыңыздан келетіні - сынап көру. Математиканы сынап көру, химияны сынап көру, физиканы сынап көру. Әр пәнге кем дегенде екі ай жұмсап сізге қаншалықты жарайтындығын түсінуге тырысу қажет. Сәтіңіз туып бірден түсінуіңіз де мүмкін. Мүмкін үшінші реттен түсінерсіз. Не дегенмен өмір деген осылай - жай ғана сынап көру керек.