Кімді табысты олимпиадашы деуге болады?

Шындығында бұл сұраққа жауап мүлдем нақты емес.

Бір жағынан нәтижелі олимпиадашы республикалық немесе халықаралық олимпиадада алтын медаль алған адам болып табылады деуге болады. Ондай адамдарды табысты деуге болатыны сөзсіз.

Алайда табысты олимпиадашылардың тізімі осымен аяқталмайды. -Бірінші реттен медальға дейін жете алмай құрмет грамотасын алған, ал келесі жылы медальға қол жеткізген адамды нәтижелі деуге болады. -Бірінші жылы қола, ал келесі жылы күміс алған адамды нәтижелі деуге болады. -Жиынтық нәтижесі орташа, бірақ бірнеше толықтай орындалған тапсырмалардан тұратын адамды нәтижелі деуге болады. -Тіпті жоғары орындарға ие болмаса да өз пәнін шеберлікпен меңгерген адамды нәтижелі деуге болады. Шеберлікті қалай анықтаймын? Бір тақырыпты келесі олимпиадашылар буынына түсіндіре алу қабілетіне қарай.

Антон Моргунов
Автор
Амина Бактиярова
Аудармашы

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? Біздің поштамыз: [email protected]

2021-2022 © ОФ «Beyond Curriculum» CC BY-NC-SA 4.0