Мұнда барлығына пайдалы, бірақ әсіресе олимпиадалармен айналысуды енді бастап жүріп, біраздан соң келесі сұрақтарды коятындарға айтарлықтай маңызды мақала болады:
- өзімді қалай шабыттандырсам болады?
- мен бір сағаттан артық отыра алмаймын, зеріге бастаймын
- өзімді тапсырмаларды орындауға қалай мәжбүрлесем болады?
Бір жағынан, өзіңіз расымен де қызығатын іспен айналысқан маңызды. Сіз қандай пән болса да, пән бойынша олимпиадалық дайындықпен сол пән өзіңізге ұнағадықтан айналысуыңыз қажет. Ұзақ уақыт бойы пәнді тереңдетіп оқып жүрсеңіз және соңғы 3-4 айда сізге бірде бір рет қызық болмағанын түсінсеңіз, онда бұл пән мүмкін сіздің пән емес.
Бірақ егер сіз пән ұнайтындығын білсеңіз, бірақ кейде ешнәрсе істегіңіз келмейтін күндер болып тұрса, немесе кейбір тақырыптар басқа тақырыптарға қарағанда қызықсыз (немесе мүлде қызықсыз) болып көрінсе, онда бір шындықты ұғып алыңыз: оқу ғанибетті болуға тиіс емес. Ғанибетті болса — жақсы, бірақ бұл қосымша сйыақы ғана, оның негізгі характеристикасы емес.
Кез келген оқу үдерісі үнемі қиындықтармен, өзіңді және жалқаулығыңды жеңумен қатар жүреді. Егер сізге оңай болса — бұл ешнәрсеге үйренбей келе жатқандығыңызды білдіреді. Егер жаңа ақпаратты зерделеу барысында басыңыз қатып, "миыңыз қайнамаса", онда сіз үдеріске жеткілікті назар аударып, жете ұғынып жатқан жоқ шығарсыз және жаңа ақпаратты есте сақтап қалмауыңыз мүмкін.
Оқу үдерісі ғанибетті болуы тиіс деген идея түп негізімен бірге қате және зиянды.