Олимпиадалардан пайда қандай?

Олимпиадалық дайындықтың мәні неде? Олардан пайда қандай? Түрлі жақтардан қарастырайық.

Олимпиадалар - бұл сынап көру қабілеті

Қарапайым оқушылардың басты мәселелерінің бірі шығар - белгісіз тапсырманы көргендегі мелшиіп қалу. Осындай мәселелер оқушыға тапсырманы шешу үшін айнымалыны (тіпті екі, немесе үш) енгізу керек болса туындайды.Бірақ олимпиадаларға дайындалсаңыз мұндай жағдаяттарға жиі тап боласыз және уақыт өте келе белгісіз бен үйреншікті еместен қорқынышыңыз жоғалады. Тіпті орындалмайтындай көрінетін тапсырманы шеше алатын боласыз. Шындығында бұл қабілет тек мектеп емтихандарында ғана емес, өміріңіздегі кез келген бастамада үлкен көмек болады.

Олимпиадалар - бұл қалыптан тыс ойлау

Типтік олимпиадалық тапсырмалар бар екені сөзсіз. Типтік тапсырмаларды шешу үшін стандартты алгоритмдер бар. Бірақ олимпиадалық мансап сатысы бойынша көтерілген сайын шығармашылық тәсілді талап ететін қалыптан тыс тапсырмаларды жиірек кездестіресіз. Осындай тапсырмаларды шешу барысында барлығына таныс сыни ойлау қабілеті дамиды.

Олимпиадалар — бұл тәртіп

Қандай да бір нәтижеге жету үшін жай ғана отырып және дайындалып үйрену керек. Әлеуметтік желілер мен ойыншықтарға алаң етпеу керек. Жай ғана отыру және екі, үш, төрт, бес сағат бойы дайындалу.

Осымен қатар time management қабілетіңіз дамитын болады, себебі бір іспен бірнеше сағат айналысу үшін жұмысыңызды бағытталған іс пен қысқа үзілістерге бөліп, реттеу керектігін тез түсінесіз.

Олимпиадалар — бұл тереңдетілген білім

Олимпиадаларға дайындықтың арқасында сізге қоршаған ортаны жақсырақ түсінуге және әлемге басқаша қарауға көмектесетін білімге ие бола аласыз. Оған қоса мектеп бағдарламасын керемет білетін боласыз, бұл мектептегі сабақтарға азырақ уақыт жұмсауға мүмкіндік береді.

Олимпиадалар - бұл саяхаттар

Олимпиадалар түрлі қалалар мен мемлекеттерде өткізіледі. Осылайша тегін саяхаттауға, пікірлестермен танысуға және ой-өрісіңізді кеңейтуге мүмкіндік аласыз.

Олимпиадалар - бұл университетке жол

Олимпиадашылардың алдында әлемнің үздік ЖОО-на жолдар ашылады. Кей университеттерде жетістіктеріңіз автоматты қабылданудың кепілі бола алады. Ал кейбір оқу орындарында олимпиадалық дайындық қабылдану мүмкіндігіңізді біршама арттырады.

Антон Моргунов
Автор
Амина Бактиярова
Аудармашы

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? Біздің поштамыз: [email protected]

2021-2022 © ОФ «Beyond Curriculum» CC BY-NC-SA 4.0