Бұл мақалада мектеп әкімшілігіне пайдалы бола алатын кейбір ойларды жазатын боламын.
Мектепшілік олимпиаданы қашан өткізеді?
Ережелер бойынша мектепшілік олимпиада 30 қарашаға дейін өтуі тиіс. Іс жүзінде, олимпиаданы 30 қарашаға дейін екі-үш апта бұрын өткізуге кеңес беремін, себебі сізге тексеру мен аудандық олимпиада үшін жеңімпаздар тізімін дайындауға уақыт керек болады.
Олимпиада кестесін қалай құрастырады?
Көбінесе мектепшілік олимпиадалар барлық пәндер бойынша шамамен бір уақытта өтеді. Бір шетінен бұл аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалар бір уақытта өтетінмен түсіндіріледі. Алайда, мектепшілік олимпиаданың мақсаты аудандық олимпиадаға оқушыларды іріктеумен ғана шектеліп қалмайды. Мектепшілік олимпиада — бұл оқушылар үшін өз күштерін әртүрлі пәндерде сынап көруге және пәннің ұнайтындығын немесе ұнамайтындығын түсінуге жақсы мүмкіндік.
Сондықтан мен мектепшілік олимпиаданы өткізуге бір апта бөлуге және оқушы қаласа барынша мүмкін пәндер санына (мінсіз жағдайда — барлық пәнге бірдей) қатыса алатын мүмкіндігі болатындай етіп пәндерді қойып тастауға кеңес беремін.
Мектепшілік олимпиада қанша уақытқа созылуы қажет?
Бір сағаттан кем емес. Көбінесе екі сағат. Бірақ үш сағаттан артық емес.
Ресми шешімдерді дайындау қажет пе?
Егер бұл сіздің мектептің ішкі акттарымен ережеленбесе — сіз міндетті емессіз. Бірақ мен жасауыңызды аса қатты сұраймын. Екі себеп бойынша:
- Ресми шешімдерді дайындағанда сіз тапсырма шартындағы жаңылыстар мен қателерді байқап қалуыңыз мүмкін.
- Оқушылар жай ғана келіп, олимпиаданы жазып, баллдарын ала салғанға қарағанда өздерінің шешулерін ресми шешулермен салыстырып, қайда қате жібергендерін көре алса, анағұрлым көбірек пайда көреді.