Олимпиадада не істеуге болады? Проктор гиді

Бұл жазбада олимпиаданы өткізу туралы прокторларға арналған негізгі ұсыныстар бар.

Олимпиада басталғанша

Қатысушыларды олимпиада басталғанша 40-50 минут бұрын жинап алған дұрыс.Басталғанша кемінде 20 минут бұрын барлығы өз орындарында отыруы және дайын болуы керек.

Олимпиада басталмас бұрын оқушыларға барлық мобильді құрылғылар (оның ішінде телефондар, планшеттер, ноутбуктер, смарт сағаттар) қатысушының үстелінде немесе оның қалтасында болмауы керек екенін хабарлау керек. Оқушы бәрін сөмкесіне сала алады немесе проктордың үстеліне қалдыра алады.

Өте маңызды: телефон оқушының қалтасында болмауы тиіс.

Маңызды: кез-келген қатысушының олимпиаданың бітуіне қанша уақыт қалғандығын білуге мүмкіндігі болуы керек. Сондықтан қатысушы сөзсіз қол немесе үстел сағаттарын әкелуге құқылы,бірақ смарт сағаттың белгілері болмауы тиіс.

Егер олимпиаданы ұйымдастырушылар әркімнің сағатын тексеруге уақыт жұмсағысы келмесе, аудиторияға проектор ілініп, уақыт үлкен экранға көрсетілуі керек.

Дәретхана туралы

Негізінен, халықаралық олимпиадаларда оқушыларға кез-келген уақытта дәретханаға шығуға рұқсат етіледі. Алайда,біздің елімізде академиялық адалдық мәдениеті жоқ сондықтан кейбір шектеулер қойылуы әбден орынды.

Мысалы,осы жағдайларда дәретханаға шығуға болады:

  • олимпиаданың алғашқы бір сағатынан кейін
  • олимпиада аяқталуына 30 минуттан бұрын

Бұл ретте, оқушының жауап парақтарына (немесе жұмыс дәптерлеріне) дәретханаға кеткен уақыты және қайтып оралған уақыты белгіленеді.

Дәретханаға қатаң түрде бір қатысушыдан жіберіледі. Қалтада телефонның жоқтығына көз жеткізген жөн.

Шоколад және сусындар туралы

Оқушыларға шоколад (немесе кейбір батончик) мен сусындар әкелуге тыйым салудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, минералды су бөтелкесі мен Қазақстан шоколаді классикалық олимпиадашының ажырамас атрибуттарына айналды.

Бұл жағдайда қатысушылардан мынаны сұрау өте орынды болады:

  • бөтелкелерден кез-келген жапсырманы алып тастауды
  • шоколад немесе баточниктің қаптамасын алып тастауды (Мұнда Қазақстан шоколадының артықшылығы бар: фольга мен сыртқы қаптамама бар, ал егер сіз қаптаманы алып тастасаңыз, шоколад әлі де жабық болады)

Қатысушыларды қай кезде жіберуге болады?

Ең көп таралған тәжірибе — олимпиаданың соңына 30 минут қалғанда ғана аудиториядан кетуге рұқсат беру.

Антон Моргунов
Автор
Әнел Есбергенова
Аудармашы

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? Біздің поштамыз: [email protected]

2021-2022 © ОФ «Beyond Curriculum» CC BY-NC-SA 4.0